Ақмола облысы бiлiм басқармасының жанындағы «Егіндікөл ауданы, агротехникалық колледжі» мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсіпорыны        
Государственное коммунальное казенное предприятие «Агротехнический  колледж, село Егиндыколь» при управлении образования Акмолинской области        

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кәсіптік бағдар туралы ақпарат

Құрметті түлектер, Егіндікөл ауылының Агротехникалық колледжі сіздерді кәсіби және сапалы білім алу үшін күтеді!

 

Құрметті түлектер!

Егіндікөл ауылы, агротехникалық колледжі, Сіздерге, ауданымыздың еңбек нарығында сұранысқа ие "Фермерлік шаруашылық"мамандығы бойынша оқытуды ұсынады. Оқыту модульдік технология бойынша жүргізілетіндіктен, Сіздің, "Ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторшы-машинисі", "Слесарь-жөндеуші" және "Автомобиль жүргізушісі" үш біліктілік бойынша оқудан өтуге мүмкіндігіңіз бар. Біздің есігіміз Сіздер үшін әрдайым ашық, дұрыс таңдау жаса және болашақта сұранысқа ие маман бол!

/public/files/2021/2/23/230221_172152_8e77dca5-027e-495e-94ce-929d1b463b7b.jpg

/public/files/2021/2/23/230221_172300_092e1714-c60a-4c0a-9ba4-eea6e2c95e2a.jpg

/public/files/2021/2/23/230221_172355_f1c89388-9ef3-4b17-a0c5-5da23c81873e.jpg

 

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Егіндікөл ауылы, агротехникалық колледжі" МКҚК біздің өңірдегі техникалық және кәсіптік білім беру мамандарын даярлауда білім беру қызметтерінің нарығындағы жалғыз оқу орны болып табылады, колледж аграрлық бағыт бойынша мамандарды даярлайды, дербес оқу орны ретінде 2016 жылы құрылған болатын.

Оқыту екі тілде - мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту "Еңбек" бағдарламасы бойынша, "Фермер шаруашылығы" мамандығы, ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторшы-машинисі, аспазшы, жүргізуші, слесарь - жөндеуші біліктіліктері бойынша жүзеге асырылады. Сондай-ақ, 6 мамандық бойынша курстық қайта даярлау жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта колледжде күндізгі бөлімде 170 студент білім алып жатыр. Оқу-тәрбие және өндірістік процесті білікті мамандардан құралған педагогикалық топ жүзеге асырады, оны басқарушы Лариса Александровна Шевцова.

/public/files/2021/1/11/110121_155748_whatsapp-image-2019-04-11-at-112057.jpeg

/public/files/2021/1/11/110121_155814_dsc0048-1.JPG

          Жаңа білім беру технологияларын қолдану, білім беру процесін ұйымдастырудың прогрессивті нысандарын, оқытудың белсенді әдістері мен сапа кепілдігінің жүйелерін енгізу білім алушыларды даярлау сапасының қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келетін деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Колледжде білім беру сапасын арттыру мақсатында инновациялық технологиялар-дуалды оқыту, модульдік-құзыреттілік оқыту енгізілді.

          Базалық және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға ықпал ететін оқыту ортасын құру үшін "Егіндікөл ауылы, агротехникалық колледжі" МКҚК заманауи кабинеттер мен зертханалар кешені бар, оларды жабдықтау оқу пәндерінің барлық циклдері бойынша білім беру процесін тиісті деңгейде жүргізуге мүмкіндік береді. Кабинеттер мен зертханалар интерактивті тақталармен, компьютерлермен, жаңа станоктармен жабдықталған.

           Кітапханада жеткілікті көлемде оқу және арнайы әдебиеттер бар. Қаладан тыс жерлерден келген студенттер үшін жатақхана бар. Жатақханада тұратын студенттер өз асханасында күніне үш рет ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.

           Қызмет етуінің қысқа мерзіміне қарамастан, колледж 201 дипломды маман шығарды, олардың 20-ы үздік диплом алды, барлық түлектер еңбек нарығында сұранысқа ие, түлектердің бір бөлігі жоғары оқу орындарында оқуын жалғастыруда.

Білім алушыларды патриоттық тәрбиелеу мақсатында,  2019 жылы "Жас Сарбаз" атты әскери -патриоттық клубы құрылды. Мерзімді негізде, барлық курстардың студенттерін жұмылдыра отырып, көптеген іс - шаралар, сонымен қатар, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтар өткізіледі.

          Колледждегі барлық оқу-тәрбие жұмысы патриотизмді қалыптастыруға бағытталған, осыған байланысты 2020 жылы колледж студенттері мен шеберлері қатарынан "Асар" волонтерлік клубы құрылды. Бүгінгі таңда студенттер ауданның қоғамдық өміріне белсенді түрде қатысады, бекітілген жоспарға сәйкес жеті бағыт бойынша жұмыс істейді.

          Студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында демалыс-ойын-сауық және мәдени-ағарту іс-шаралары ұйымдастырылады және өткізіледі. Спорттық-сауықтыру бағыты дене тәрбиесі процесін жетілдіруге және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған. Студенттер үшін спорт секцияларына қатысу үлкен рөл атқарады, бұл жастар арасындағы құқық бұзушылықтар мен басқа да жағымсыз құбылыстардың санын азайтуға мүмкіндік береді.

          Колледждің студенттері және педагогикалық ұжымы ауданның барлық қоғамдық іс-шараларына, облыстық және өңірлік кәсіби шеберлік байқауларына белсенді қатысады. Тәрбие жұмысы кәсіби, зияткерлік және әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті өз елінің азаматы және патриоты ретінде студент тұлғасының қалыптасуы, дамуы, өзін-өзі көрсетуі және әлеуметтенуі үшін оңтайлы жағдайлар жасауға бағытталған.

 

 

Жаңартылған күні: 11.01.2021 15:54
Құрылған күні: 25.03.2022 13:43

Текст